Өскемендегі Ертіс көпірінің астынан өтетін жол жақында ашылады
Бұл жол Ертіс өзені үстіндегі көпірде көлік ағынын азайтқанымен, кептеліс мәселесін түбегейлі шешпейді

Сол үшін де екінші кезеңде эстакада көтерілетін болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Славский атындағы жағалау мен Пермитин көшелерін жалғайтын бұл жаңа жол көлік жүктемесінің 15-20% азайтуға септігін тигізеді.
Әкім атап өткендей, эстакада биыл салынбайды, бірақ оған қажетті 33 метрлік арқалықтар дайын.
Кейінірек осы айналма жолда кептеліс болатынын түсіну қажет. Сол үшін де екі эстакада салынады. Олардың бірі көпірден Жеңіс даңғылына, екіншісі Қазақстан көшесіне түседі де көліктер бір-біріне кедергі жасамай өтеді. Бұл қаладағы ең күрделі жол торабындағы жол айырық болады, - деді Алмат Ақышов.
Естеріңізге сала кетейік, көпір астындағы төрт жолақты жол жобасының құны – 4 млрд теңге. Қазір 2,2 млрд теңге игерілді. Қазір бұл жерде жол пайда болды, асфальттің бір қабаты төселіп, бордюр орнатылып жатыр.
ТҮКШ бөлімінің басшысы бір-екі аптада жол ашылады деп сендірді.


