Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +13°
$
530.47
+0.40
613.75
-1.45
¥
74.57
+0.03
6.56
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Наурыз" баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Отбасы банкінің салымшылары "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" тиімді бағдарламалары бойынша баспана алу үшін 3 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтінім бере алады

Новости Казахстана / "Наурыз" баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады
Фото:
pexels

Бұл бағдарламаға шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар, соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмаған клиенттер қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өтінім беру онлайн өтеді - Baspana Market арқылы. Жеке кабинетке кіріп, өтінім бересіз және нәтижені күтесіз, - деп мәлімдеді "Отбасы банк" АҚ ресми парақшасы. - Бастапқы жарна: таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін - 10%-дан бастап; әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін - 20%-дан бастап.

Сыйақы мөлшерлемесі:

  • 7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) - әлеуметтік осал топтарға
  • 9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) - барлық қатысушыларға

Ең жоғары сома:

  • 30 млн теңге - өңірлерде
  • 36 млн теңге - Астана мен Алматыда

Мерзімі: 19 жылға дейін

Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?

  • Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер - Астана, Алматы және облыс орталықтарында.
  • Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер - моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.

Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдайсыз.

"Наурыз Жұмыскер" бағдарламасына өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация саласының қызметкерлері қатыса алады, кеңсе қызметкерлері қатыса алмайды. Бағдарлама аясында 2025 жылы 50 млрд теңге көлемінде 2 000 несие беру жоспарланған.

Следующая →