Осы аптада Өскеменде Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтеді
Жұма күні ауданның шығармашылық ұжымдары концерт беріп, қолөнер және ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі болады

Фото:
Устинка LIVE
Сенбі күні шаруа қожалықтары өз өнімдерін саудалап, спорт сайыстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс орталығында "Туған жер – алтын бесігім!" жобасы аясында тұмса табиғаты мен терең тарихы үйлескен, шығыс өңірінің інжу-маржанына айналған Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтеді.
Бағдарлама бойынша:
- 31 қазан күні 17.00-де ШҚО филармониясының фойесінде аудан қолөнершілерінің, тарихи-өлкетану музейі жәдігерлерінің экспозициясы, ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады
- 31 қазан күні 18.00-де ШҚО филармониясының көрермендер залында Үлкен Нарын ауданының шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді
- 1 қараша күні 08.00-ден бастап Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайы бойынша орналасқан "Алтай" көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен көркемөнерпаздарының концерті өтеді. Спортсүйер қауымға "қол күрес", "қой көтеру", "қымыз ішу", "садақ ату" және тағы да басқа спорт ойындары ұйымдастырылады.