Өскеменде жастар арасында граффити байқауы өтеді
Сурет байқауы "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында және өңірлік нашақорлыққа қарсы "Esirtkisiz Shygys" жобасы шеңберінде өткізіледі

Оған 14-тен 35 жасқа дейін азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Байқау 30 қазан күні сағат 11.00-де басталады. Қатысушылар қаладағы арнайы қабырғаларға сурет салады.
Өтінімдер 30 қазанға дейін 8 777 579 09 54 телефон нөмірі бойынша қабылданады. Барлық қажетті материалдарды (бояулар, баллондар, қылқаламдар, валиктер және т.б.) қатысушылар өздерімен бірге алып келуі керек, - дейді ұйымдастырушылар.
Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.