Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +13°
$
538.13
624.88
¥
75.56
6.64
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жаңа ипподром салынып жатыр

Ипподром Ново-Явленка ауылының оңтүстік-батысында орналасады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жаңа ипподром салынып жатыр
Фото:
pexels.com

Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1 млрд 385 млн теңгеден асса, биыл оның 300,1 млн теңгесі игерілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ипподромда болып, құрылыс барысымен танысты. Мердігер компания - "DK Proekt" ЖШС.

Жалпы аумағы 40,37 гектарды құрайтын ипподром Ново-Явленка ауылының оңтүстік-батысында салынуда. Жоба бойынша ұзындығы 2200 метр ат жарыс жолы, үш қабатты әкімшілік ғимарат, үш тікбұрышты трибуна салу қарастырылған. Трибуналарда 141 көрерменге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған екі орын болады, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта нысанда жарыс жолының, ғимараттар мен құрылыстардың іргетасын дайындауға арналған жер жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аймақ басшысы құрылыс барысын бақылап, сапаға баса мән беруді және жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ипподром – бұл тек спорт нысаны емес, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін арттыратын маңызды жоба. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →