Өскемен
ясно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +18°
$
538.11
-0.42
623.51
-0.43
¥
75.53
-0.06
6.61
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық киім Берелден табылған алтынмен көмкерілді

Республика күні қарсаңында облыс орталығында ұлттық киімдер дүкені ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық киім Берелден табылған алтынмен көмкерілді
Фото:
Устинка LIVE

Елімізге танымал Tarbiya брендінің ұлттық киімдері енді шығысқазақстандықтар үшін де қолжетімді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Халық арасында сұранысқа ие Tarbiya бренді Өскемен қаласында өзінің тоғызыншы сән үйін ашты. Ұлттық брендтің негізін қалаушы Тарбия Айдымбаева шығысқазақстандықтарды эксклюзивті "Берел алтыны" жаңа топтамасымен қуантты. Бұл топтамаға Берел қорғандарынан табылған алтын бұйымдар шабыт берген.

Еліміздің ең басты ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Tarbiya ұлттық киімдер сән үйінің ашылуы осы мерекеге орайластырылуы бекер емес. Өйткені осы мерекеде біз ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді дәріптеуіміз қажет. Бүгінгі таныстырылған "Берел алтыны" жаңа топтамасы – шығыс жерінің ежелгі тарихынан, алтын мұрасынан нәр алған туындылар. Берел қазынасындағы өрнектер мен бейнелер жаңа заман сәні арқылы қайта түлеп, халқымыздың терең тамырлы мәдениетін паш етіп отыр, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

"Берел алтыны" жаңа топтамасының ұлттық киімдерін шығысқазақстандықтар алғашқы болып кие алады.

Tarbiya ұлттық брендінің ашылғанына 28 жыл болды. Шығыс халқының сұранысы бойынша еліміздегі тоғызыншы дүкеніміз ашылып отыр. Ұлық мереке - Республика күніне орай жаңа дүкеніміздің ашылуы – біз үшін қуаныш әрі мақтаныш, - дейді Тарбия Айдымбаева. - Бүгін "Берел алтыны" жаңа топтамасын халық назарына ұсындық. Бұл топтаманың ерекшелігі – ұлттық киім өрнектеріне қорғаннан табылған алтын бұйымдар арқау болды әрі шығыстың ауа райын ескеріп, құс жүні пайдаланылды. Коллекция бір жылға жуық уақыт ішінде дайындалды. Әрине көп ізденіс, үлкен дайындықпен келдік. Берел қорғандарында зерттеу жүргізген археолог Зейнолла Самашевтің еңбегін пайдаландық.

Ашылу салтанатында бірнеше топтама көрсетіліп, көрермендер арасында лотерея ойнатылды. Жеңімпаздар ұлттық брендтен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Следующая →