Өскемен
ясно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +18°
$
538.11
-0.42
623.51
-0.43
¥
75.53
-0.06
6.61
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауданында алғашқы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылды

Құлынжон ауылында енді ересектер де, балалар да логопед, дефектолог, психолог, массажист қызметтерін ала алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарское (район Самар) / Самар ауданында алғашқы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылды
Фото:
Самар ауданы әкімдігінен

Республика күні қарсаңында Самар ауданы әкімдігінің халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталығының ашылуының маңызы зор. Себебі ауыл тұрғындары Өскеменге сабылуға мәжбүр еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мекеме төрт санаттағы азаматтарға қызмет көрсетеді:

  • 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға;
  • 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға;
  • 18 жастан асқан психоневрологиялық сырқаты бар ересектерге;
  • I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға.

Орталықтың басты мақсаты – балалардың қоғамға бейімделуіне, жеке қабілеттерін дамытуына және отбасылық ортада толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау, - деп мәлімдеді аудан әкімі Серік Жеңісов. - Ғимарат заманауи, кең кабинеттер мен ойын аймақтарымен жабдықталған. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов орталыққа автокөлік сыйлады. Бұл қолдау шалғай ауылдардағы балаларды орталыққа тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Мекеме күндізгі тәртіпте, сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Қызмет алушылардың күнделікті болу уақыты – 6 сағат.

Орталықта түзету, дамыту және қолдау бағытындағы 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Бұл бағытта логопед-дефектолог, психолог, емдік дене шынықтыру мұғалімдері, тәрбиешілер, сондай-ақ педиатр, терапевт, реабилитолог, невропатолог және психиатр сияқты жоғары білікті мамандар еңбек етуде.

Қазіргі таңда аудан тұрғындарынан 15 өтініш қабылданды. Алдағы уақытта қызмет алушылардың қатарын 26 адамға дейін арттыру көзделіп отыр.

Следующая →