Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +14°
$
538.53
-0.03
623.94
-1.71
¥
75.59
-0.06
6.59
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі "Казцинк" желсіз күндері өндіріс қуатын төмендетеді

ШҚО орталығында бірнеше күн қатарынан қолайсыз метеожағдай сақталып отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі "Казцинк" желсіз күндері өндіріс қуатын төмендетеді
Фото:
Устинка LIVE

Осыған орай облыс экологтары кәсірорынға барып, қажетті өлшеулер алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Казцинк" пен ШҚО экология департаменті арасындағы меморандумға сәйкес, мамандар металлургиялық алаң аумағына кедергісіз кіреді. 23 қазан күні экологтар кәсіпорында болып, шығарындылар көздерін тексеріп, қажетті өлшеулер жүргізді.

Сондай-ақ ШҚО әкімдігімен жасалған келісімге сәйкес компания ҚМЖ кезінде өндіріс көлемін азайтуда: металлургиялық кешен бойынша жалпы өнімділік 20%-ға төмендетілді, ал мырыш зауытында жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты қуаттылық 50%-ға дейін қысқартылды.

Осы орайда Өскемен қаласының тұрғындары қолайсыз метеожағдайда балалардың денсаулығына зиян тигізбеу үшін сабақты онлайн форматта өткізу туралы сұрақты көтеруде.

Қыста сыртқы ауа температурасы төмен әрі желді күні сабақты онлайн өткізу бойынша белгіленген бұйрық бар. Алайда қолайсыз метеожағдайда сабақты қашықтан өткізу бойынша регламент қарастырылмаған. Ата-аналардың сұрауы бойынша алдағы уақытта облыс экологтары мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп шешім қабылдап, осындай жағдайда балаларды сабаққа жібермеу жөнінде жергілікті атқарушы органға ұсыныс жасаймыз, - деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Думанғазы Арғынғазин.

Осы орайда айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл күндері қолайсыз метеожағдайға байланысты тамағы ауырып, амбулаториялық немесе стационарлық ем қабылдап жатқан науқастар жоғын мәлімдеді.

Следующая →
Тақырыптар: Өскемен ҚМЖ Казцинк