Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +14°
$
538.12
+1.80
627.02
+0.12
¥
75.56
+0.29
6.65
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнің жастары ең үлкен Туды көтеріп шеру тартты

25 қазанда қазақстандықтар ұлттық мереке - Республика күнін атап өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнің жастары ең үлкен Туды көтеріп шеру тартты
Фото:
Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығынан
Республика күніне орай Өскеменнің жастары ерекше акцияға атсалысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Студенттер мен сарбаздар облыс орталығындағы ерекше жерде ең үлкен Туды көтеріп жүріп өтті.

Өскеменнің географиялық ерекшелігін ескере отырып жастармен патриоттық акция ұйымдастырдық. Студенттер және Ұлттық ұлан сарбаздарымен бірігіп, 200 шақты адам Өскемендегі ең үлкен 24×12 метрлік тумен шеру тартты. Таңдалған локация да ерекше – Ертіс пен Үлбі өзендерінің арнасы тоғысқан тұсы. Бұндағы негізгі ой – екі өзеннің тоғысуы сияқты қала халқы, жалпы еліміздің бір арнаға бірігіп, ортақ мақсат, ортақ мүддеген ұмтылуын білдіреді. Бұл сәт - еліміздің тұтастығы мен ынтымағының көрінісі, - дейді Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.

Республика күні – егемен еліміздің тарихындағы маңызды белес, азаттыққа деген адалдық пен бірліктің нышаны.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.

Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды. Тек он жылдан кейін, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынып, "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы халық қолдап, заңға өзгерістер енгізіліп, ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күні қайта жанданды.

Следующая →