ШҚО-да биыл жұмыс орнында 51 адам ауыр жарақат алса, 9 адам қаза тапты
Биыл Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне 1285 өтініш түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп

Өтініштердің 1231-і еңбек қатынастарына, 49-ы еңбек қауіпсіздігіне, 4-і жұмыспен қамту мәселесіне қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті ақпаратына сүйенсек, 340 өтініш бойынша әкімшілік шешім қабылданып, олардың 68%-ы жұмысшылардың пайдасына шешілді.
265 тексеру жүргізіліп, 313 заңбұзушылық анықталды. 28,2 млн теңгеге айыппұл салынып, 16,9 млн теңгесі өндірілді. Өндірістік жарақаттану деректері алаңдатарлық: 89 адам зардап шегіп, оның 9-ы қаза тапты, 51-і ауыр жарақат алды. Жалақы қарызы 202,51 млн теңгеге жетті. Бұл қарыз 5 кәсіпорында тіркелген, оның ішінде 3-уі жұмыс істеп тұр, 2-еуі – банкроттық және оңалту сатысында, - деп мәлімдеді департамент басшысы Бақытбек Қизатов.
Цифрландыру үдерісі қарқынды жүруде: 188 мыңнан астам жұмысшының 91%-ы еңбек шарттарымен қамтылған; 14 мыңнан астам кәсіпорын жүйеге қосылған; 569 кәсіпорынның ұжымдық шарттары цифрландырылған; 573 мекеме HR-enbek.kz жүйесіне штаттық кестесін енгізген.