Облыста биыл шағын және орта бизнестен түскен кіріс 116,8 млрд теңгені құрады
ШҚО-да жеке кәсіпкерлерді қолдауға 92 млрд теңге бағытталды

Шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы үлесі шамамен 25%-ға дейін өсіп отыр. Бизнесті қолдауға биыл 92 млрд теңге бағытталып, 240-қа жуық жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұндай әдіс ұсыныстарды, әсіресе арнайы киім, шығын материалдары мен қызметтерді өндіру саласында шоғырландыруға, жеткізудің тұрақты тізбегін құруға мүмкіндік береді.Соның нәтижесінде осы жылдың 8 айында шағын және орта бизнестен түсетін кірістер 14%-ға өсіп, 116,8 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17%-ға артып, 317 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда бизнесті қолдап қана қоймай, экономикалық өсудің жаңа құрылымын құру қажет. Мемлекет басшысының ірі кәсіпорындардың қатарында шағын және орта бизнес белдеуін қалыптастыру туралы тапсырмасы шеңберінде аймақта шағын кәсіпорындар мен ірі компаниялар арасындағы байланыстырушы буын болатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Құзыреттер орталығын құру жоспарланған, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда бизнес пен облыстың атқарушы органдарын байланыстыратын, құрамы өңірдің ірі кәсіпкерлерінен тұратын Іскерлік кеңес құрылған.