Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Бұл жолдың жалпы ұзындығы 120 шақырым болса, соның 93 шақырымы жөнделуде

Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото:
t.me/qazavtojol

Қазіргі таңда ұзындығы 30 шақырымды құрайтын екі учаскеде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріліп қойған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұзындығы 63 шақырымды құрайтын қалған екі учаскеде негізгі жұмыстар аяқталды, суық ресайклинг әдісімен негіз қалыпқа келтіріліп, төменгі және жоғарғы жабын қабаттары төселді. Сонымен қатар, жол жиегін нығайту, су өткізу құбырларын орнату, жол белгілері мен қоршаулар сияқты жол инфрақұрылымы элементтерін орнату жұмыстары жүргізілуде, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Құрылысқа заманауи технологиялар қолданылып, нормативтік талаптарға сәйкес орындалуда, - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ.

Құрылыс жұмыстарына 82 бірлік арнайы техника мен 138 маман жұмылдырылған.

Айта кету керек, 1175–1191 және 1194–1212 шақырым аралығындағы учаске, соның ішінде 1211–1212 шақырым аралығы "Үбе" өткізу пункті аумағындағы бейтарап аймақты қамтиды. Орташа жөндеу жұмыстары аясында өткізу қабілетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы тарапынан кіреберіс пен шығаберіс жолдары 12 метрге дейін кеңейтіледі.

Бұл жол халықаралық және өңіраралық маңызға ие, сауданың, туризмнің, логистиканың дамуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Следующая →