ШҚО полицейлері өңірде заңсыз жүрген мигранттарды анықтауда
Құқық қорғау органдары облыстағы барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханаларды және дәмханаларды аралап, тексеріс жүргізуде

Шығыс Қазақстан облысында "Заңсыз келуші" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шара елдің миграциялық заңнамасын бұзғандарды анықтауға және аймақ аумағындағы заңсыз миграция арналарын тоқтатуға бағытталған. Оның барысында полицейлер алдында бірнеше міндет тұр: транзиттік ағынды тексеру, шетелдіктер арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету.
Жедел профилактикалықшара 17 қазанға дейін жалғасады.