Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елімізде ЖОО-ларда жасанды интеллект пәндері енгізіліп жатыр

Бүгінгі күні 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр

Новости Казахстана / Елімізде ЖОО-ларда жасанды интеллект пәндері енгізіліп жатыр
Фото:
pexels

2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні қолдану дағдылары енгізілді. Қазірдің өзінде 95 жоғары оқу орны оқу жоспарына жасанды интеллект пәндерін енгізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың айтуынша, әзірленген бағдарламалар әлемдік технологиялық трендтерге сәйкес келеді.

Бұл бағдарламалар студенттерге тек трендтерді ғана емес, сонымен бірге оқыту барысында математикалық және сыни ойлау дамиды, инженерлік дағдылар қалыптасады. Бағдарлама студентке екі бағытта нәтиже береді. Біріншісі – нақты құралдар мен дағдылар. Екіншісі – осы дағдыларды нақты салаларда қолдану. Мысалы, медицинада деректерді талдау, энергетикада тиімділікті арттыру, көлікте немесе агроөнеркәсіпте өндірісті оңтайландыру, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, оқытушылардың біліктілігін арттыру жүріп жатыр. Профессорлық-оқытушылар құрамының 54% жасанды интеллект бойынша курстардан өтті.

Жасанды интеллект бойынша әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерін толық қамтыды.

Следующая →