Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі автобус жүргізушілері мен кондукторлары бірдей киім киюі мүмкін

Қалалық мәслихат депутаттары жолаушылар көлігі кәсіпорындарының басшыларымен кездесуде саланың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылау кезінде осындай ұсыныс білдірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі автобус жүргізушілері мен кондукторлары бірдей киім киюі мүмкін
Фото:
Устинка LIVE

Облыс орталығының қоғамдық көліктеріндегі қызмет көрсету сапасы көптің көңілін көншітпейді. Бірақ соңғы уақытта оң өзгерістер болып жатыр: автотасымалдаушыларға субсидия уақтылы түсе бастаған, оқушылар тегін жүреді, жаңа автобустар мен трамвайлар көбейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Десек те шешілмеген мәселе де шаш етектен. Тұрақты депутаттық комиссия отырысында автобус паркін одан әрі жаңартуға; қаладағы көлік қозғалысы жанданатын уақыттарды ескере отырып, негізгі маршруттардағы автобустардың үздіксіз жүруін қамтамасыз ету; қаланың шалғай аудандарына қатынайтын автобустардың кестеге сай жүруін, әсіресе кешкі уақытта, бақылауды күшейту мәселелеріне баса назар аударылды.

Жақын арада неғұрлым сұранысқа ие бағыттарды анықтау және жаңа бағыттарды ашу үшін "ONAY!" жүйесі негізінде жолаушылар ағынына талдау жүргізіледі, - дейді Өскемен мәслихатының төрағасы Александр Светаш. - Сондай-ақ, жүргізушілер мен кондукторлардың жолаушылармен этика ережелерін міндетті түрде сақтай отырып жұмыс істеуі, көлікте темекі шегуге тыйым салу, сондай-ақ мүгедек адамдарға көмек көрсету бойынша ұсыныстар берілді. Бұдан басқа, тасымалдаушыларға қоғамдық көлік қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізу ұсынылды.

Депутаттар "ONAY!" жол ақысын төлеу жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды, ақау шықса, уақтылы хабардар ету және пайдаланушылардың шағымдарына ден қоюды ескертті.

Следующая →