Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесінде бірінші орын алды

Дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесі 13 сәуір мен 13 қазан аралығында Жапонияда өтті

Новости мира / Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесінде бірінші орын алды
Фото:
ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Оған 160 мемлекет пен 9 халықаралық ұйым қатысып, әлемнің әр бөлігінен 28 млн адам келіп тамашалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

EXPO Awards марапаттау рәсімінде Қазақстан павильоны Theme Development ("Көрме тақырыбын ашу") негізгі номинациясы бойынша "С" санатындағы шағын павильондар арасында бірінші орынды иеленді. Бұл санатқа 90-нан астам ел кірді.

Көрме басталған күннен бастап Қазақстан павильоны жапондар мен шетелдік туристер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Павильон еліміздің мәдениеті, дәстүрі мен тарихы, инвестициялық, экономикалық және инновациялық дамуы, сондай-ақ цифрландыру, технология және тұрақты даму салаларындағы мазмұнды әрі тартымды экспозициясымен ерекшеленді, - деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі. - Көрме барысында Қазақстан павильоны ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, еліміздің жаһандық қоғамдастықтағы ашық әрі сенімді серіктес ретіндегі мәртебесін нығайтты.

Павильон аясында 9 іскерлік және мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Ең ірі оқиғалардың бірі – Қазақстанның Ұлттық күні, ол 2025 жылғы 10 тамызда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өтті. Сол күні EXPO National Day Hall алаңында Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, ауқымды мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараға шамамен 3 000 көрермен қатысты.

Қазақстан павильоны "Өмірді біріктіру" кластерінде орналасып, шамамен 1,5 млн адамды қабылдады. Олардың қатарында ресми делегациялар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық миссиялар, бизнес, медиа және шығармашылық қауым өкілдері болды. Павильонға Халықаралық көрмелер бюросының (BIE) Бас хатшысы Димитри Керкентзес ресми сапармен келіп, оның ұйымдастырылу деңгейін, мазмұнын және экспозициялық шешімін жоғары бағалады.

Следующая →