Өскемен
пасмурно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +16°
$
540.06
-1.57
628.25
-3.99
¥
75.86
-0.22
6.61
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы ашылды

Зертхана халықаралық стандарттарға, қажетті құралдармен жабдықталған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы ашылды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлин қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін өңіріміз бен еліміздің бүкіл агроөнеркәсіптік кешен саласы үшін маңызды күн. Біз халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған Бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасын ашып отырмыз. Зертханалық кешен ғимаратына 800 млн теңгеден астам сомаға күрделі жөндеу жүргізіліп, Қытайдан әкелінген 66 зертханалық жабдық орнатылды. Соның нәтижесінде топыраққа, жем-шөпке, тұқымға, суға және мал шаруашылығы өнімдеріне кешенді зерттеу жүргізуге жол ашылды, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Халықаралық және қытайлық стандарттарды енгізу арқылы шығысқазақстандық шаруалардың өнімдері шетелдік нарыққа шығып, Шығыс Қазақстанның экологиялық таза әрі сапалы өнім өндіретін аймақ ретіндегі беделі нығая түспек.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында  дезинфекциялық залалсыздандыру қондырғысы бар 13 "Газель", мал тасымалдайтын 6 арнайы автокөлік, 1 инсинератор табысталды. Ветеринариялық қауіпсіздік пен биологиялық қорғаудың заманауи талаптарына толық сәйкес келетін бұл көліктер елді мекендерде жылжымалы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Следующая →