Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +15°
$
546.96
-2.19
642.73
-1.15
¥
76.83
-0.31
6.7
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың артқы бөлігі абаттандырылады

Аурухананы аралап шыққан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала басшысына осындай тапсырма берді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың артқы бөлігі абаттандырылады
Фото:
Устинка LIVE

Халық №1 аурухана деп білетін Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазіргі уақытта медициналық орталықта инженерлік жүйелер, стационар ғимараттары мен бірқатар бөлімшелер кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Урология және гинекология бөлімшелеріндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Алдағы кезеңде мекеме заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында заманауи видеоэндоскопиялық жүйелер мен компьютерлік томограф сияқты озық медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып жатыр. Жергілікті бюджет есебінен 50 млн теңге бөлініп, урология, гинекология және травматология бөлімшелері 100 төсек-орынмен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай жақсартып, дәрігерлердің өз міндеттерін тиімді атқаруына мүмкіндік береді деп сенемін, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, орталықтағы жөндеу жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы тиіс.

Облыс әкімі пациенттердің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында аурухананың артқы бөлігін абаттандыруды тапсырды. Бұл жұмыстар келесі жылға жоспарланып отыр, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.


Следующая →