ШҚО-дағы республикалық маңызы бар жолдарға қар ұстайтын қалқандар орнатылды
"ҚазАвтоЖол" АҚ ШҚОФ қысқы маусымға техникалық дайындық туралы хабарлады

Синоптиктердің болжауынша, қазан айы шығыста суық әрі қарлы болмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осыған орай жол қызметтері дайындықты бастап кетті. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының республикалық автожолдарын қыста қардан тазарту үшін 103 техника дайын.
"Қазавтожол" АҚ филиалының мәліметінше, алдағы маусымға қажетті материалдар дайындалды: 1470 тонна көмір, 9100 м3 көктайғаққа қарсы материал, 1904 тонна тұз және алты тонна химиялық реагент. Қосымша 1100 дана қар ұстайтын қалқан дайындалды. Жол бойында уақытша 80 жол белгісі орнатылды
Барлығы 13581 сызықтық метр стационарлық қар ұстайтын қоршаулар орнатылды. Оның ішінде: Талдықорған – Қалбатау - Өскемен автомобиль жолын қайта жаңарту және ағымдағы жөндеу шеңберінде-5385 сызықтық метр; Қалбатау-Майқапшағай автомобиль жолын қайта жаңарту шеңберінде - 6504 сызықтық метр, Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы автомобиль жолын ағымдағы жөндеу шеңберінде - 1692 сызықтық метр.
Қысқы кезеңде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында бес қазандық, үш жылыту пункті және 13 өндірістік база дайындалды.
"Қазавтожол" АҚ қызметкерлері ауа райы күрт бұзылса, күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Жергілікті атқарушы органдармен және шұғыл қызметтермен өзара байланыс жолға қойылған.