Шығыс Қазақстанда 140 мыңға жуық зейнеткер тұрады
Олардың арасында жасы бір ғасырдан асқан қазыналы қарттар да бар

Солардың бірі – 101 жастағы Клавдия Ивановна Мадонова, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Клавдия Ивановна Шығыс Қазақстан облысындағы Васильевка ауылында дүниеге келген. Өмір бойы егін даласында, колхозда еңбек етіп, үй шаруасын да дөңгелеткен. Қолөнерге, әсіресе тоқымаға әуес болған. Тыл ардагері бүгінде үш бірдей шөбересінің қызығын көріп, оларға темірқазықтай жол сілтеп келеді.
Қарттар күніне орай ардагерді арнайы құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова барды.
Олар Клавдия Ивановнаның өнегелі ғұмырын ерекше атап өтіп, аймақ басшысының атынан мерекемен құттықтады.