Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +20°
$
548.79
+4.53
643.02
+8.30
¥
77.08
+0.81
6.63
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 1 қазаннан бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов биыл жылуды мерзімінен бұрын беруді тапсырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 1 қазаннан бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі
Фото:
Устинка LIVE

Ал әлеуметтік нысандар — мектеп, балабақша және медициналық мекемелерге жылу беріліп қойған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауа райының салқындауына байланысты жылыту маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданды.

Жылу желілеріне қосу барлық өткен жылдардағыдай, жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығын ескере отырып, 1 қазаннан бастап 6 күн ішінде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, - деп мәлімдеді "Шығыс Жылу" АҚ. - Техникалық даярлық төлқұжаты жоқ нысандар барлық жұмыс түрлері тапсырылғаннан кейін қосылатын болады.

Жылу берілетін күндер туралы ақпарат: 

  • Жеке кабинетте ukteplo.kz сайтында
  • "Шығыс Жылу" мобильді қосымшасында
  • WhatsApp чатботында +7 747 942 35 56
  • Telegram @UKTSbot чатботында көруге болады.

"Шығыс Жылу" АҚ ақпаратына сүйенсек, қатты отын қоры - 19 486 тоннаны құрайды, бұл нормативтік қордың 35 тәулігіне сәйкес келеді.

Бүгінгі күні жылу энергиясын есепке алу аспабы және дайындық актісі бар нысандар жылу беруге қосылған:

  • Тұрғын үйлер (көп пәтерлі): 66
  • Тұрғын үйлер (жеке сектор): 86
  • Мектептер, балабақшалар және т. б. балалар мекемелері: 34
  • Медициналық мекемелер: 17
  • Әкімшілік және оларға теңестірілген нысандар: 29
  • Әлеуметтік нысандар: 11 құрайды.
Следующая →