Өскеменде аулаларға тұрмыстық қатты қалдықтар салатын жаңа жәшіктер қойылуда
Коммуналдық мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына өздерінің ыңғайлылығы үшін сатып алынған мүлікке ұқыпты қарауды сұрады

Фото:
instagram/oskemen_tazalyk
Ескіріп, тот басқан металл қоқыс жәшіктерінің орнына жасыл пластикалық жәшіктер қойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Өскемен-Тазалық" ЖШС қызметін пайдаланушыларға бұл жәшіктерді құрылыс қалдықтарымен толтыруға және ішіндегі қоқысты өртеуге болмайтыны ескертілді.
Осы орайда айта кеткен жөн, Мыза көшесі, 29 және Әуезов даңғылы, 20 мекенжайындағы үйлердің алаңына қойылған қоқыс жәшіктерін бәзбіреулер балқытып, тіпті өртеп үлгерген.