Өскеменде Меновное ауылына қарай жаңа көпір салынады
ШҚО-дағы "Altaі Invest-2025" форумында өңірдің көлік басқармасы мен Loungian Road and Bridge Co., Ltd қытай компаниясы меморандумға қол қойды

Құны 115 млрд теңге болатын көпір Серікбаев көшесін Ертіс өзені арқылы Меновное ауылымен байланыстырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа көлік дәлізі қаланың екі ауданын байланыстырып, қолданыстағы магистральдағы жүктемені азайтады және логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтеді. Құрылыс жұмыстары келесі жылы жобалау-зерттеу рәсімдері аяқталғаннан кейін басталуы мүмкін.
Жалпы "Altaі Invest-2025" халықаралық форумында жалпы сомасы 740 млрд теңгеден асатын 40 меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және басқа да салалар бар.