Өскемен
пасмурно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +16°
$
547.57
+0.61
642.63
-0.10
¥
76.92
+0.09
6.68
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде былтыр орын алған адам өліміне қатысты сот үкімі шықты

2024 жылы 13 тамызда Өскеменде котлован маңынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде былтыр орын алған адам өліміне қатысты сот үкімі шықты
Фото:
ШҚО ПД

Күдікті ақыл-есінің дұрыс емес екенін алға тартып, алқабилерді алдауға тырысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 45 жастағы Ольга Кузьминыхтың өлімі жабық бас-ми жарақатынан және соның салдарынан миға қан құйылудан орын алған. Сонымен қатар, сарапшылар марқұмның денесінен көптеген жарақат іздерін, сондай-ақ бет аймағы мен құрсақ қуысына салынған пышақ жараларын анықтады. Қылмыскер әйелді ауыр затпен ұрып, артынша – анық сенімді болу үшін – бірнеше пышақ жарақатын салған, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық прокуратурасы. - Қылмыс ізі суымай ашылды. Қылмыскер бірден қаладан кетіп қалған, алайда бірнеше күннен кейін Күршім ауданында қолға түсті. Ұсталған адамның жеке заттарының арасынан жәбірленушінің қанының дақтары бар айғақ заттар табылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бұған дейін бірнеше рет, соның ішінде кісі өлтіргені үшін де сотталған Сергей Балаболкин бастапқы мойындау көрсетулерінен бас тартып, жазадан құтылу үшін психикалық дертті болып көрінуге тырысқан. Алайда сараптама Балаболкинді ақыл-есі дұрыс деп таныды, іс сотқа жолданды.

Сотта Балаболкин істі алқабилердің қатысуымен қарау құқығын пайдаланды. Бір ай бойы айыпталушы түрлі нұсқалар ойлап тауып, алқабилерді шатастырып, өзін ақтап алуға тырысқанымен алқабилер оның уәждеріне сенбеді, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық прокуратурасы. - Мемлекеттік айыптаушының табанды әрі мұқият жұмысының нәтижесінде сотта айыпталушының кінәсі бұлтартпас фактілермен дәлелденді. Ұсынылған айғақтар мен деректер алқабилердің еш күмәнін қалдырмай, айыптау үкімі шығарылды.

Алқабилердің үкімімен Балаболкин Ольга Кузьминыхты өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі мекемеде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →