Сенбіде Өскеменде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Қала тұрғындары мен қонақтарына Глубокое ауданының ауылшаурашылық өнімдері ұсынылады

Глубокое ауданынан 11 мың келі ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
27 қыркүйекте "Алтай" КТО аумағында Глубокое ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
11 500 кг ауыл шаруашылығы өнімі әкелінеді деп жоспарлануда. Оның ішінде 4000 кг сиыр еті, 3000 кг жылқы еті, 350 кг құс еті, 350 кг ысталған өнім, 1000 кг көкөніс, 1000 литр күнбағыс майы, 250 кг көлемінде нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, 350 кг сүт өнімдері ұсынылады, 250 кгконсервілер, 350 кгбал және бал өнімдері, 350 орман өнімдері және басқалары, - деп мәлімдеді Глубокое ауданы әкімдігі.