Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +22°
$
544.26
634.72
¥
76.27
6.52
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Altaі Invest-2025" халықаралық форумы басталды

Өскеменге әлемнің бірнеше елінен инвесторлар, дипломаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері келді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Altaі Invest-2025" халықаралық форумы басталды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Altaі Invest-2025" форумында Шығыс Қазақстан мен шетелдік инвесторлар арасында маңызды келісімдерге қол қойылып, түрлі жобалар қолға алынбақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз сөзімен ашты.

Соңғы жылдары елімізде талай өзгеріс болып, бүгінде ірі жобаларды қолға алуға жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Осы форум өңірдің ашық диалогқа, ынтымақтастыққа және жаңа инвестицияларға дайын екенінің айқын көрінісі. Сіздермен тек облыстың емес, мұқым республиканың экономикасын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жобаларды талқылауға әзірміз. Өндірісі қарқынды, мәдени мұрасы бай, тамылжыған табиғаты бар Шығыс Қазақстанның Қытай және Ресеймен шекаралас орналасуы да ел картасындағы айрықша орнын паш етеді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанға 3 трлн теңге шамасында инвестиция құйылды. Ал осы жылы 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Қазір өңір аумағында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар жүздеген жұмыс орындарын ашуға және облыс экономикасын нығайтуға септігін тигізеді.

Следующая →
Тақырыптар: Өскемен "Altaі Invest-2025"