Қалбатау-Майқапшағай бағытындағы жол толықтай асфальтталып бітті
Бұл шығыстың шалғайында жатқан шекаралық Тарбағатай, Зайсан, Ақсуат аудандары халқы үшін көптен күткен қуаныш

Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қалбатау-Майқапшағай бөлігі толық асфальтталып, халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді.
Қытай мен Ресейді жалғап жатқан бұл күре жол шекаралық шалғай аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, көлік-логистика саласының өркендеуіне зор ықпал ететіні анық.
Айта кетейік, жолды салған мердігер компания - "Синьсин құрылыс және дамыту Қытай компаниясы" ЖШС.