Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -21°
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    -12°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
  • Орал
    -23°
  • Шымкент
$
495.1
-3.55
583.72
-5.34
¥
71.33
-0.51
6.46
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға неміс кәсіпкерлері инвестиция құюы мүмкін

Сондай-ақ, өңірге неміс өнерпаздары келіп, концерт қою жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға неміс кәсіпкерлері инвестиция құюы мүмкін
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсенмен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, түрлі салада бірлесе жұмыс істеу жайында сөз қозғады.

Еліміздегі су ресурстарының 40 пайызы біздің өңірде шоғырланған. Түрлі минералдарға бай облыстың тамылжыған табиғаты туризм саласын дамытуға да зор мүмкіндіктер жасайды. Германиямен жасыл энергетика, цифрландыру және білім саласында бірлескен жұмыстарды қолға алуға әзірміз. Сіздің осы сапарыңыз арадағы ынтымақтастықты күшейте түседі деп сенемін, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі өз сөзінде арадағы байланысты нығайта түсуге ниетті екендіктерін білдіріп, неміс кәсіпкерлерін Шығыс Қазақстанға инвестиция құюға шақыратынын жеткізді. Сондай-ақ өлкеде неміс өнерпаздарының концертін өткізіп, мәдени байланысты да арттыра түсуге ұсыныс білдірді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ГФР Елшісі ШҚО Ынтымақтастық