Өскемен
облачно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +22°
$
541.19
636.44
¥
76.08
6.49
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ерлікпен қаза тапқан полицейлердің рухына арналған мурал пайда болды

Жаңа мурал Гагарин бульвары, 12 мекенжайындағы үйдің қабырғасына салынды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ерлікпен қаза тапқан полицейлердің рухына арналған мурал пайда болды
Фото:
ШҚО ПД

Мурал Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында қызметтік борышын абыроймен атқарып жүріп қаза тапқан 29 шығысқазақстандық полицейдің рухына арналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалған арт-нысанда полиция қызметкері бейнеленіп, "Ер есімі — ел есінде" деген жазу жазылды.

Әрбір қызметкер үшін бұл арт-нысан жай ғана символ емес, бұл – міндет. Біз азаматтардың сенімін нығайтып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, заңды қатаң сақтамай, заманауи әрі өркендеген қоғам құру мүмкін емес. Біздің міндетіміз – әрбір шығысқазақстандық пен облысымызға келген қонақ өзін сенімді сезінетіндей, полиция әрдайым жанында болып, қорғауға дайын екенін білетін орта қалыптастыру, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Ашылу күні қатардағы әріптестермен бірге қаза тапқан полицейлердің отбасы, туған туыстары да болды. Полиция департаменті қызметкерлердің  отбасын назардан тыс қалдырмай, ұзақ жылдар бойы байланысын үзген жоқ.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ПД Мурал Полиция