Өскемен
облачно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +22°
$
541.19
636.44
¥
76.08
6.49
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы жолдарды қыста қардан тазарту үшін мыңға жуық техника дайын тұр

Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетуге 103, ал аудандық жолдарды тазартуға 735, облыстық жолдарды тазартуға 119 техника жасақталған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы жолдарды қыста қардан тазарту үшін мыңға жуық техника дайын тұр
Фото:
Устинка LIVE

Обыстағы қар қалың түсетін 9 жол учаскесінде қысқа дайындық жұмыстары қарқынды. Қар тоқтататын қалқандар орнатылуда, траншеялар жасалуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін қысқы күтіп ұстау үшін 957 бірлік техника жасақталған, олар қалалар мен аудандардың климаттық ерекшеліктеріне байланысты біркелкі бөлінген, - дейді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов. - Облыс жолдарында төтенше жағдайлар болған кезде 185 бірлік қосымша мобилизациялық техника бар, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 11 бірлік, облыстық – 15 бірлік, аудандық – 28 бірлік, елді мекен көшелерінде – 123 бірлік.

Сонымен қатар, климаттық жағдайы күрделі жерлерде төрт жол пайдалану пункті (Тарғын, Марқакөл, Егіндібұлақ, Шемонаиха), төрт жылыту пункті (Ұмыш асуында, Тарғын, Егіндібұлақ, Урунхайка) бар. Әрбір жасақталған құрылым білікті жұмысшылармен, жарамды техникамен қамтамасыз етілген. Өндірістік үй-жайлар мен бокстар қажетті жабдықтармен жабдықталып, қысқы жұмысқа дайындалған.

Қар басатын облыстық маңызы бар 9 жол учаскесін ("Өскемен-Тарғын-Самар", "Теректі-Урунхайка-Төсқайын", "Күршім-Қалжыр") дайындау  үшін қар тоқтататын қалқандар орнатылуда, траншеялар жасалуда. Сондай-ақ, қар көшкіні қаупі бар 7 учаске анықталған: "Өскемен-Тарғын-Самар" және "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное", - дейді басқарма басшысы. - Қар тоқтату мақсатында және Президенттің көгалдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін "Өскемен – Тарғын – Самар" автожолының 74–77 км учаскесінде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 5 мың түп көшет отырғызылды.

1 қарашадан бастап облыс жолдарының жай-күйі, онда жұмыс істеп жатқан техника және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша ақпарат жинау үшін операторлар тәулік бойы кезекшілік етеді. Басқарма күн сайын таңертең облыс бойынша жинақталған ақпаратты қалыптастырып, ТЖ органдарына, полицияға, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына береді.

Облыс автожолдарының жағдайы мен жүру мүмкіндігі туралы ақпаратты тәулік бойы келесі телефондар арқылы білуге болады:

  • 26-28-08, 8-777-535-89-08 – "ҚАЖсервис" ЖШС (республикалық жолдардың диспетчері);
  • 70-66-66, 8-705-798-05-99 – "Облшығысжол" ЖШС (облыстық жолдардың диспетчері).
Следующая →