ШҚО-да қысқы маусымға дайындық қалай жүріп жатыр?
Облыс әкімдігінде негізгі мәселелер — сумен жабдықтау және жылу беруге дайындық бойынша отырыс өтті

ШҚО әкімдігі ақпаратынша облыс халқының 99,4%-ы таза сумен қамтылған. Әлі де мыңнан аса адамды, негізінен ауыл тұрғындарын, сумен қамту қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы мақсатта биыл 26 жобаға 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоспарға сәйкес ауылдық округтер мен қалаларда су желілерін салу және қайта жаңғырту қарастырылған. Жыл соңына дейін халықтың қолжетімділік көрсеткішін арттыратын 13 жобаны аяқтау жоспарлануда (оның ішінде Комсомольский, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Отрадное, Бозанбай, Асубұлақ, Үлкен Өзен, Берёзовка елді мекендері), - деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі. - Қыркүйек айының басында осы сала бойынша қаржы игеру көрсеткіші жоспардың 92%-дан астамын құрады. Жекелеген нысандарда сорғы станциялары мен электр желілері бойынша кідірістер бар, жұмыстар қазан–қараша айларында аяқталмақ.
Ал ЖЭО-лар 90%-ға дайын. Электр желілерінің 537 шақырымы толық жөндеуден өтті. Өңірдегі білім беру нысандары қысқа 100%, денсаулық сақтау нысандары 97% дайын.
Қала және аудан әкімдеріне 1 қазанға дейін халықты жылумен қамтамасыз ету бойынша қалған жұмысты аяқтауды тапсырамын. Орындамаған жағдайда жауапкершілік елді мекендердің бірінші басшыларына жүктеледі,– деп атап өтті облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Жауапкершілік елді мекендердің бірінші басшыларына жүктеледі. Сондай-ақ аймақ басшысы көмір жеткізу ісінде өңірлік операторлардың ерекше бақылауын атап өтті. Айта кетейік, жылу көздерінде 393,3 мың тонна көмір қоры жинақталды.