Өскеменде әлеуметтік көмірдің бағасы қанша?
Қысқа дайындық барысында облыс орталығында қара отын төмен бағамен сатылып жатыр

Фото:
Устинка LIVE
Табысы аз, көпбалалы және толық емес отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер көмірді әлеуметтік бағамен ала алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қалада көмірдің 1 тоннасы 16 700 теңге болса, әлеуметтік баға – 16 200 теңге.
Ол үшін тұрғылықты мекенжайыңызға сәйкес Аумақтық басқару орталығына жүгіну қажет.