Өскеменде өткен төртаяқтылар сайысында қызметтік ит жеңіске жетті
"PET DOG FEST" фестивалінің жеңімпазына 100 келі ит тамағы табысталды

Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға мыңға жуық адам, жеті жүз ит қатысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қатысушылар ветеринар мамандардан кеңес алып, жануарларды күтіп-баптау бойынша шеберлік сағаттарына қатысты. Сонымен қатар, салтанатты шара бағдарламасында үй жануарлары мен қызметтік иттердің қатысуымен түрлі жарыстар мен көрсетілімдер өтті.
Фестиваль мақсаты - жануарларды қорғау және бұқараны жануарларды қорғауға шақыру. Сайыс жүлдегерлері үшін ерекше сыйлықтар әзірледік. Байқаудың бас жүлдегеріне 100 келі итке арналған дәмді тамақ табысталады. Айта кетейік, үй хайуанатына арналған тағамдар отандық өндірістікі, - дейді сайысты ұйымдастырушы Фариде Садықова.
Үй хайуанатына арналған шараға жеті жүзге жуық жеті төрт аяқты қатысып, белсенділік танытты. Сайыс көркін қыздырып, түрлі жаттығуларды жоғары деңгейде орындағандардың бірі - Эра есімді Ұлттық ұланның қызметтік иті болды. Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімінің кинология қызметінің маманы ефрейтор Владимир Раструба төрт аяқты серігі Эрамен бірге көрермен көзайымына айналып, фестиваль жеңімпаздары атанды.