Амфитеатрда сахна мен көрермендерге арналған орындықтар пайда болады
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов бұл жерді азаматтарға ыңғайлы етіп түрлендіру қажеттігін айтты

Келесі жылы Амфитеатр маңайында жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл мәдени нысан – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі.
Келесі жылы Амфитеатрды жөндеу және жаңарту мәселесін күн тәртібіне шығарамыз. Бұл бағытта тиісті жоспарлар әзірленіп, іске асыру шаралары қарастырылатын болады, - дейді Алмат Талғатұлы. - Қала тұрғындарының демалысы мен мәдени шараларды өткізуіне лайықты жағдай жасау – басты міндетіміз.
Әкімнің ойынша, мұнда тұрақты сахна мен орындықтар қажет. Орындықты стадиондардағыдай негізін темірден, бетін пластикпен жасауға болады.
Әлеужелі қолданушыларының көбі әкімнің бұл ойын құптап, пікір қалдыруда.
Жақсы сахна мен орындықтар қойылса, мерекелерді Амфитеатрда өткізуге болар еді және түрлі шара өткізу үшін Республика алаңын жауып, көлік қозғалысын шектеудің қажет болмайды, - десті тұрғындар.