Өскемендегі онколог мамандар бір күн тегін қабылдау жүргізеді
Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Дәрігерлер жатыр мойны, жатыр денесі, аналық без обыры және басқа да гинекологиялық локализациялар бойынша қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ашық есік 27 қыркүйек күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жоспарланған.
Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз жетекші онколог мамандардан кеңес алуға болады.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Онкологиялық орталықтың мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1-корпус (емхана). Телефон: 8 778 003 78 45, +7 (7232) 48-91-51.