Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
540.84
634.46
¥
75.95
6.43
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы мұнай-газ саласы қызметкерлері марапатталды

7 қыркүйекте мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өткен еді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы мұнай-газ саласы қызметкерлері марапатталды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Алайда шығыстағы мамандардың вахталық жұмыс кестесіне байланысты әкімдіктегі ресми құттықтау шарасы бүгін өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыс әкімі мұнай-газ саласы өкілдерінің еңбегінің ерекше маңызын атап өтті. Олардың жұмысы энергетиканы дамытып, экономиканы нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Мұнай-газ саласы мамандарының күнделікті еңбегі үлкен жанкештілікті, тәртіп пен шеберлікті талап етеді. Сіздердің сенімділіктеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз – өңір мен елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының берік негізі, – деп атап өтті өңір басшысы.

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шығыс Қазақстан өндірістік филиалының ұжымына да ерекше алғыс айтылды. Олар Зайсан ауданындағы он елді мекенді тұрақты түрде газбен қамтамасыз етіп келеді.

Саланың үздік өкілдері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды:

  • Аслан Қуанбекұлы - жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі;
  • Серікбек Қызыр - электрогазбен дәнекерлеуші;
  • Дулат Садуақасов - апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі.

KAZENERGY қауымдастығының Құрмет грамотасы Елдос Файзулинге - газбен жабдықтау және сату қызметінің маманына табысталды.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасы Ерасыл Бақытханұлына - электрогазбен дәнекерлеушіге берілді.

"QazaqGaz Onimderi" ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасы Еркін Имановқа - кәсіпорын жүргізушісіне табысталды.

Следующая →