Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
540.84
634.46
¥
75.95
6.43
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Солтүстік Қазақстан облысынан 15 мың жыл бұрынғы мамонт сүйегі табылған

Ұзындығы 1 метрге жуық жілікті балық аулау кезінде жергілікті тұрғындардың бірі тауып алған

Новости Казахстана / Солтүстік Қазақстан облысынан 15 мың жыл бұрынғы мамонт сүйегі табылған
Фото:
instagram/gylym_jogarybilim

Қозыбаев университетінің археологтары сүйек табылған аумақта зерттеу жүргізбек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы маңында Әсет Шайкин балық аулап жүріп кездейсоқ бірегей жәдігер – мамонт жіліншігін тауып алған. Кейін әйгілі археолог Анатолий Плешаковқа тапсырып, бірге табылған аумақты зерттеді. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ қабаттарының астында болуы мүмкін.

Табылған олжаның ұзындығы 1 метрге жуық өте ірі жануарға тиесілі. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы табылған жерден шұңқыр қазып көреміз. Егер сол жерден қаңқа мен құрал-саймандарды тапсақ, бұл біздің аумақтағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ, - дейді Қозыбаев университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Андреевич.

мамонт сүйегі (2).jpg

Шұңқыр жасау немесе сынақ қазбасын жүргізу арқылы (тікбұрышты шұңқыр) мәдени қабаттар мен артефактілердің бар-жоғын анықтауға, стратиграфияны бағалауға және осы жерде одан әрі толық көлемде қазбалар жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Анатолий Плешаков солтүстік қазақстандық археологиялық экспедицияны басқарып келеді. Оның құрамында ғалымдардан басқа Қозыбаев университетінің тарихшы-студенттері бар. Биыл олар екі көне ескерткіш – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай және Ақ-Ирий елді мекендерінде жұмыс істеді. Келесі археологиялық маусым зерттеушілерге жаңа ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік бермек.

Следующая →