ШҚО-дағы 400-ден астам үйдің пешінен ақау табылған
ШҚО ТЖД қысқа дайындық барысында жер үйлердің пештері тексеріле бастайды

Әсіресе әлеуметтік осал топ есебінде тұрған отбасылардың үйі ерекше назарда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, облыста 2 763 үй есепте тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға аз.
Оның 1 642-сі тексеріліп, 406 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі анықталды. Ең жиі кездесетін мәселелер – пешпен жылытудағы және электр сымдарындағы ақаулар. Үй иелеріне тиісті нұсқамалар беріліп, қайталап тексеру жұмыстары 15 қазаннан басталады, - дейді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Оқыс оқиғаның алдын алу үшін көміртек тотығы туралы дабыл қағатын құрылғылар орнату маңызды.
Биыл Зайсан, Катонқарағай және Ұлан аудандарында 575 датчик таратылған. Жалпы облыс бойынша олардың саны 17 247-ге жетті. Бұл құрылғылардың арқасында 42 адамның, соның ішінде 31 баланың өмірі аман қалды, - деп мәлімдеді басқарма бастығы.
ТЖД мамандары қауіпсіздік ережелерін еске салады: пеш пен мұржаны жүйелі түрде ыстан тазарту.