Ертең ШҚО-да күн жауын-шашынды
Облыстың шығысында жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін

Фото:
pixabay
Ал басқа аймақтарда найзағай ойнайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 13 қыркүйекте күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі.
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында күн тұманды болуы мүмкін.
Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.