ШҚО-дан марқакөлдік Жақыповтар әулеті "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына барады
Отбасы күні қарсаңында "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

ШҚО-ның әр өңірінен қатысқан 154 отбасының ішінен 13 отбасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл әулеттер махаббат, береке, сыйластық пен өзара түсіністік сияқты басты отбасылық құндылықтарды сақтап қана қоймай, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Қадірлі жеңімпаздар, сіздердің өнегелеріңіз – шығысқазақстандықтардың дәстүрді сақтап қана қоймай, заманауи даму жолында жаңашыл бола білетінін, уақытпен бірге ілесе жүріп, тамырынан ажырамайтындығын айқын дәлелдейді, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Ол республикада өмір сүріп жатқан 130-дан астам этностың ішінде металлургтер, машина жасаушылар, фермерлер, мұғалімдер, дәрігерлер мен әскери қызметкерлердің берік әрі тату отбасылық әулеттері бар екенін айта кетті.
"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық кезең жеңімпаздары:
- Қалиғажиновтар әулеті (Өскемен)
- Сембаевтар әулеті (Ұлан ауданы)
- Жақыповтар әулеті (Марқакөл ауданы)
Жақыповтар әулеті Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық кезеңде өнер көрсету құқығына ие болды.