Өскемен
пасмурно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
538.89
+0.69
629.53
-0.11
¥
75.65
+0.08
6.34
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Есірткі қылмысы: әр жасырылған орамаға 2750 теңгеден төлеуге уәде еткен

ШҚО-да есірткі қылмысына қатысы бар ағайындылар ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Есірткі қылмысы: әр жасырылған орамаға 2750 теңгеден төлеуге уәде еткен
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Ағасы мессенджер арқылы заңсыз жұмыс тауып, оған інісін де тартқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өңір прокуратурасының үйлестіруімен Өскемен қалалық Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобы облыс орталығының 21 және 23 жастағы екі тұрғынын – туған ағайындыны ұстады.

Тінту барысында 21 жастағы азаматтан жалпы салмағы 18,32 грамм болатын "альфа-PVP" психотроптық заты салынған 24 орам, ал 23 жастағы азаматтан салмағы 19,02 грамм болатын дәл осындай зат салынған 25 орам табылып, тәркіленді, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. - Тергеу барысында анықталғандай, ағасы тамыз айының басында мессенджер арқылы "есірткі курьері" ретінде жұмысқа орналасқан. Әр жасырған есірткі орамасы үшін оған 2750 теңге төлеуге уәде етілген. Бір күн ішінде ол 50-ден астам орама жасырған. Дегенмен куратордың уәдесіне қарамастан, ешқандай сыйақы алмаған.

Ал 21 жастағы азамат ағасының өтініші бойынша орамаларды жасырғанын айтып, олардың ішінде не бар екенін білмегенін алға тартқан.

Полицейлер есірткі жасырылған орындарды анықтап, барлығын жойды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО полициясы азаматтарға ескертеді:

  • Есірткі заттарын сақтау немесе тарату, соның ішінде туыс не таныстың өтініші бойынша болса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеледі;
  • Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі "курьер" сынды "вакансиялар" – жастарды есірткі қылмысына тартудың амалы. Уәде етілген "жеңіл ақша" түптің түбінде бостандықтан айыруға және болашағын құртуға алып келеді.
Следующая →