Ертең ШҚО-да жаңбыр, бұршақ жауады
Синоптиктердің болжауынша дауыл соғып, найзағай ойнайды

Фото:
Устинка LIVE
Облыс орталығында да кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 11 қыркүйекте облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман тұрады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.