Өскемен
пасмурно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
538.89
+0.69
629.53
-0.11
¥
75.65
+0.08
6.34
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Гендер пати" емес, "құрсақ шашу": шымкенттіктер ата салтын еске салды

Шығысқа Шымкенттен елдегі жалғыз Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы келді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Гендер пати" емес, "құрсақ шашу": шымкенттіктер ата салтын еске салды
Фото:
Устинка LIVE

Орталық қызметкерлері өскемендіктерге қазақтың ұмыт бола бастаған немесе заман талабына сай өзгерген ұлттық салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын жаңғыртып, насихаттайтын сахналық қойылым ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Өнер музейі мен Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы арасында  ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Сол меморандум негізінде орталық қызметкерлері дәстүрлі түрдеӨскеменге келіп, танымдық шаралар өткізуде.

Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, халықтың бойында ұлттық кодты қайта жаңғыртуды мақсат еткен орталық 2014 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қолауымен құрылған. Бұл еліміздегі осындай жалғыз мекеме, басқа өңірлерде жоқ.

Қазіргі таңда жастардың санасында дәстүр мен салтқа деген көзқарастың әлсіреп, кейбір ұлттық құндылықтардың ұмыт бола бастағаны байқалады. Осындай жағдайда халықтың тарихи жады мен рухани тұтастығын сақтау, сондай-ақ ұмыт қалған немесе сирек қолданылатын дәстүрлерді қайта жаңғырту – қоғам үшін өзекті әрі уақыт талабына сай маңызды қадам болып табылады.

ШҚО Өнер музейімен бірлескен меморандум негізінде рухани құндылығымыз, салт-дәстүріміздің бағыт-бағдарын, мән-маңызын толық насихаттау, түсіндіру мақсатында жылына бір рет келіп осындай шаралар өткізіп тұрамыз. Негізгі міндет – ұмыт болған салт-дәстүрімізді, бұрмаланып жатқан жөн-жоралғыларымызды еске салып, дұрыс нұсқасын дәріптеу, - дейді  Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Жұмабай Абдиев. - Қазақта "тал бесіктен – жер бесікке дейін" деген әдемі сөз бар. Бүгінгі бағдарламада шаңыраққа келін түскеннен бастап, сәби дүниеге келумен байланысты "беташар", "азан шақырып ат қою", "құрсақ шашу", "келіннің етегіне тас байлау", "жақсының орнына аунату", "тұсаукесер" сияқты 13 түрлі дәстүрімізді көрсететін қойылым ұсындық. Әрине қазақтың салт-дәстүрін түгелдей қамту мүмкін емес. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысымен шығармашылық байланысымыз үзілмей, жылда жаңа бағдарламалармен келе бермекпіз.

Айта кетейік, қойылымның сценариін жазатын да, ән шырқап, өнер көрсететін де – түгелдей орталық қызметкерлері.

Басқа мекемелерден қосымша мамандар тартылмаған, орталық мамандары барлығын  өздері ұйымдастырады. Орталық биыл 11-ші жыл жұмыс істеп келеді. Төрт бөлімде 16 шығармашылық қызметкер бар. Өңірге, қала берді республикаға танымал айтыскер ақындар Ақмарал Леубаева, Нұрлан Есенқұловтар орталықта қызмет атқарады. Республика көлеміндегі барлық өңірлермен тығыз қарым-қатынаста қызмет етеміз, - дейді Жұмабай Абдиев.

Орталық мамандары салт-дәстүр, ұлттық ойындарымыз мен қолөнерімізді насхаттаудан бөлек, тарихшы, өлкетанушылармен бірлесіп зерттеу, зерделеу жұмыстарын да жүргізеді.

Өнер музейіндегі шараға қала тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.

Ақпараттық технологиялар дамыған мына заманда қазақ жастары өзгенің қаңсығын таңсық көрмей, тез бойына сіңіріп алып, өзіміздің құндылықтарымызды ұмытып барады. Мәселен, кезінде аналарымыз "құрсақ шашу" жасаған болса, қазіргілер батыстың "гендер патиін" жөн көреді. Ұзатуда сыңсу айтудың сырын білмегендіктен, қазіргі қыздар бастыстағыдай залдан мәз-мейрам, билеп шығуды трендке айналдыруда. Мұхтар Әуезов айтқандай: "Ел болам десең, бесігіңді түзе". Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу басты міндет. Ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше, - дейді көрермендердің бірі Меруерт Мырзамұқанқызы. - Бүгінгі шараның балалар үшін маңызы зор. Өйткені көркем қойылым түрінде насихатталған әр салт жастардың жадында сақталары анық.

Следующая →