ясно
°
$
502.27
+0.48
597.15
+2.08
¥
72.22
+0.06
6.57
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизоны Президент Жолдауын қолдады

Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері бүгінгі ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ұжым болып тыңдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизоны Президент Жолдауын қолдады
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы Жолдауда бірқатар маңызды міндеттер мен стратегиялық бағыттарды белгілеп, оларды жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оның ішінде цифрлық даму, аграрлық қауіпсіздік, құрылымдық және институционалдық өзгерістер, жалпы алғанда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, елдің келелі болашағы сөз болды.

Бүгінгі жолдауда Мемлекет басшысы елді үш жылдың ішінде жаппай цифрлық елге айналдыруды тапсырды. Жасанды интеллектті әр салада қарқынды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Біз бұл Жолдаудың маңыздылығын және оның қорғаныс секторына тікелей әсерін көріп отырмыз. Цифрлық жүйелерді енгізу мен ресурс тасымалындағы реформалар (мысалы, Smart-cargo) әскери логистиканы, жазбаларды басқаруды, сондай-ақ кадрлық үдерістерді жеңілдетіп, қызмет тиімділігін арттырады, - деді №27943 әскери бөлім командирі подполковник Жаннұр Саткынов.

Гарнизон өкілдері ел қорғанысын, тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтіп, Жолдау шеңберінде көрсетілген барлық бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен гарнизоны Жолдау-2025