Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +23°
$
541.18
+0.34
636.05
+1.59
¥
75.99
+0.04
6.52
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мектеп оқушылары таңғы жаттығу жасайтын болады

Енді әр сейсенбі күні оқушылар сабақты үш минуттық жаттығудан бастайды

Новости Казахстана / Мектеп оқушылары таңғы жаттығу жасайтын болады
Фото:
pexels

Ол үшін арнайы үш жас ерекшелігіне арналған жаттығу кешені әзірленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

9 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық мектептерінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа жобасы – оқушыларға арналған жүйелі таңғы жаттығу басталады, - деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасы. - Сабаққа дейінгі қысқа үш минуттық жаттығу оқу процесінің бір бөлігіне айналмақ. Ол әр аптаның сейсенбі күні барлық оқушылар мен педагогтердің қатысуымен ұйымдастырылады. Жаттығуды дене шынықтыру педагогтері пән ұстаздарымен бірлесе жүргізеді.

Музыкалық сүйемелдеуі мен қимылдары министрлікпен бекітілген үш жас ерекшелігіне арналған жаттығу кешендерін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы қызметкерлері жаттықтырушылар мен хореографтардың қатысуымен әзірледі. Жаттығу барлық мектептер үшін бірыңғай форматта қолданылмақ.

Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде өткізілетін алғашқы жаттығуға танымал спортшылар қатысады. Олар оқушылармен бірлесе жаттығу жасап, қолдау көрсетеді.

Следующая →