Өскемен
ясно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +28°
$
540.05
-0.13
629.16
+0.23
¥
75.64
+0.05
6.65
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО мен Моңғолияның Ховд аймағы арасында бауырластық қатынас орнады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Моңғолияның Ховд аймағымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО мен Моңғолияның Ховд аймағы арасында бауырластық қатынас орнады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалантпен кездесті. Екіжақты кездесуге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ресми сапар аясында Шығыс Қазақстан облысы мен Моңғолияның Ховд аймағы арасында бауырластық қатынастар орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат әлеуметтік-экономикалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сондай-ақ өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Меморандумға қол қою өңірлеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, қазақ-моңғол қатынастарын нығайтуға ықпал етеді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ұлы Мемлекеттік Хуралдың Төрағасының айтуынша, Қазақстан Моңғолия үшін Орталық Азиядағы бірінші стратегиялық әріптес саналады. Экономикалық-саяси, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара әрекеттестікті дамыту басты басымдық ретінде қала береді.

Жалпы, екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Әсіресе, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары жемісті болды. Сапар барысында әртүрлі салада 11 құжатқа қол қойылды.

Следующая →