Өскемен
Бұлтты
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Семей
    -11°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -5°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -13°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -3°
  • Түркістан
    +11°
  • Орал
    -7°
  • Шымкент
    +9°
$
494.63
583.22
¥
71.28
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл жазда ШҚО-да 7 адам суға батып кеткен

Барлық оқыс жағдайлар жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл жазда ШҚО-да 7 адам суға батып кеткен
Фото:
Устинка LIVE

Қаза тапқандардың екеуі – бала, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Шомылу маусымында су айдындарын патрульдеу кезінде ТЖД қызметкерлері 13 адамды құтқарды. Мамандар 1600-ден астам рейд жүргізіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бұзған 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыста адамдар суға түсетін 25 аумақ анықталды. Алайда су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тек 8-і жабдықталған. Қалған 17 жағажай жабдықталмаған (Алтай ауданында - 1, Үлкен Нарын ауданында, Самар ауданында жеке жағажайлар - 7, Ұлан ауданында жеке жағажайлар - 6, Зайсан ауданында коммуналдық жағажай, Риддер қаласының аумағында коммуналдық жағажай – 1), - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға арналған 74 орынға және шағын көлемді кемелерде жүзу үшін 29 орынға тыйым салынды.

ШҚО ТЖД облыста қазіргі уақытта су айдындарында демалу, балық аулау жалғасып жатқанына назар аударды, сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек.

Төтенше жағдайлар кезінде "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Шомылу маусымы 7 адам суға батты