Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көлікті сату-сатып алу шартын енді онлайн жасауға болады

"ЦОН" мобильді қосымшасында "Автокөлікті сатып алу-сату шарты" жаңа сервисі пайда болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Көлікті сату-сатып алу шартын енді онлайн жасауға болады
Фото:
pexels

Мамандандырылған ХҚКО-ға бармай тұрып шарт жасасып алу уақытты үнемдейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және сапасын арттыру мақсатында "ЦОН" мобильді қосымшасында көлік құралдарын тіркеу кезінде сатып алу-сату шартын рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды. Бұған дейін көлікті сату немесе сатып алу үшін азаматтар қызмет көрсету орталықтарында QR-код арқылы шартқа қол қоятын. Енді бұл үдеріс "ЦОН" мобильді қосымшасының "Автокөлікті сатып алу-сату шарты" сервисі арқылы жүзеге асырылады. Шартқа қол қою үшін сатушы да, сатып алушы да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланады. Осылайша, шартты мамандандырылған ХҚКО-ға бармай тұрып алдын ала рәсімдеуге болады. Бұл азаматтарға уақытты үнемдеуге және қызметті алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, құжатқа қол қойылғаннан кейін оны ХҚКО-ға ұсыну арқылы көлікті тіркеу рәсімі аяқталады, - деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкіметі" МК ШҚОФ баспасөз қызметі.

Жасалған шарттың деректері сервистің базасында тұрақты түрде сақталады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда мәмілені қайта тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, құжатты қолдан жасау немесе қате мәлімет енгізу қаупін болдырмау үшін оның заңды күші сақталып, жеке деректердің құпиялығы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияның арқасында мәліметтер автоматты түрде тексеріліп, қателіктердің алдын алады.

Бір шартты рәсімдеудің құны – 1 500 теңге.

Сервисті пайдалану үшін азаматтар "ЦОН" мобильді қосымшасын (App Store және Google Play) жүктеп, ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелуі қажет.

Следующая →