Қазақстанның азаматтығын алғысы келетіндер үшін тестілеу өтеді
Бұл тестілеуге шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қатыса алады

ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы ақпараты бойынша тестілеу 11 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тестілеуге қатысуға өтінімде 2–10 қыркүйек аралығында онлайн түрде app.testcenter.kz сайты арқылы қабылданады.
Тест үш блоктан тұрады:
- қазақ тілі;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері (қазақ немесе орыс тілінде);
- Қазақстан тарихы (қазақ немесе орыс тілінде).
Әр тапсырмаға төрт жауап нұсқасы беріледі, бір дұрыс жауап таңдалады. Ең жоғары балл – 100.
Тапсыру үшін ең аз дегенде 50 балл жинау қажет, оның ішінде:
- қазақ тілінен – кемінде 15 балл;
- Конституциядан – кемінде 20 балл;
- Қазақстан тарихынан – кемінде 15 балл.
Өткізу шарттары:
- Жалпы уақыт – 2 сағат 10 минут.
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қосымша 30 минут беріледі.
Үміткерлер апелляция беруге құқылы:
- техникалық себептер бойынша – тестілеу барысында;
- тапсырма мазмұны бойынша – тест аяқталғаннан кейінгі 30 минут ішінде.
Апелляциялар 5 жұмыс күні ішінде қаралады, нәтижелері жеке кабинетте қолжетімді болады.
Тестілеуден сәтті өткен жағдайда қазақ тілінде электронды сертификат беріледі. Ол app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттен жүктеп алынады.
Толығырақ ақпаратпен testcenter.kz сайтындағы "Азаматтыққа үміткерлерге" бөлімінен танысуға болады.