Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі ұзартылды

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін жүреді

Новости Казахстана / Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі ұзартылды
Фото:
pexels

Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бюроның тіркеліміне сәйкес, санақ 22 мың ірі кәсіпорынды және 271 мың шаруа, фермер қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қамтуы тиіс. Тамыз айында онлайн-санаққа 574 мың респондент қатысты. Оның ішінде 245,7 мыңнан астамы – ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, шамамен 328 мыңы – үй шаруашылықтары.

Онлайн-санақ кезеңі жақсы нәтиже көрсетті. Жедел деректер бойынша сайт арқылы сауалнамаға ауыл шаруашылығы құрылымдарының 84%-ы қатысты. Айта кету керек, жалпы тізімге ұзақ уақыт бойы белсенділігі жоқ, бірақ тіркеуде тұрған кәсіпорындар мен қожалықтар да енгізілген. Сондай-ақ байланыс деректері өзекті емес субъектілер бар. Бұдан бөлек, кейбір респонденттер жұмысбастылығына байланысты санақтан уақытында өте алмаған. Қосымша берілген 20 күн олардың осындай маңызды мемлекеттік науқаннан тыс қалмауына мүмкіндік береді, – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.

Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.

Следующая →